Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар бай болудың басты құпиясын ашты

Опубликовано:

Италиялық ғалымдар өмірде жолы болғыш жандардың бай әрі табысты болатынын дәлелдеген деп хабарлайды segodnua.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: zarubejom.ru
Көрнекі фото: zarubejom.ru: UGC

Зерттеушілердің пайымдауынша, бай әрі табысты болу үшін, адамдарға талант, табандылықпен қатар жолы болғыштық қасиеттер де керек екен. Десе де, итальяндық ғалымдар аталған үш «критерийдің» ішінде қайсысы басымырақ болған жағдайда, адамдар барынша табысты әрі ауқатты бола алады деген сауалға жауап іздеп көрген екен.

Осылайша, мамандар 1000 адамнан тұратын қоғамның компьютерлік үлгісін ойлап тапқан. Зерттеуге қатысқан тұлғалардың интеллект деңгейі, таланты мен бастапқы табысы әрқайсысыныкы әр түрлі болған. Ғалымдардың бақылауларына сәйкес, ең ақылды әрі ең талантты жандар соңғы 40 жылда ауқатты, табысты жандардың қатарынан көрінуі керек еді. Алайда, зерттеу қорытындысы мұндай нәтиже көрсетпеген. Керісінше, өмірде жолы болғыш адамдар - ең бай әрі табысты тұлғалар ататыны дәлелденген.

Сондай-ақ, ғалымдар ақылды жандардың бәрінің бірдей – жолы бола бермейтінін анықтаған. Италияның Катания университетінің мамандары, бастысы – өз мүмкіндігіңді қалай да жіберіп алмау қажет деген қағиданы берік ұстанған жөн дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1721344-galymdar-baj-boludy-basty-kpiasyn-asty/

pixel