RU
Құдай сақтасын: Қазақ азаматы сүйісіп тұрған жігіттерді көріп жағасын ұстады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Құдай сақтасын: Қазақ азаматы сүйісіп тұрған жігіттерді көріп жағасын ұстады (видео)

Рассказать Вконтакте

Интернет желісіне сүйісіп тұрған ер адамдарды көрген қазақ жігітінің әсерлі видеосы тарап кеткен. Оқиға испаниялық Барселонада орын алды деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Барселонадағы Қасиетті отбасы ғибадатханасын видеокамераға түсіріп жатқан жігіт, ойда жоқта беріле сүйісіп жатқан екі көгілдірді байқап қалған.

Оларды көре сала қазақ жігіті өзін ұстай алмай боқтап жіберіп, «Құдай сақтасын» деп көргенінің жиіркенішті әсер бергенін жасыра алмады.

Аталмыш видео желі қолданушылар арасында үлкен резонанс тудырған. Қалың көпшілік өзінің наразылықтары мен жағымсыз пікірін жарыса жазуда.

«Фу, қандай жиіркенішті» - mama.dohi_.

«Ойы түзу адам мұны ешқашан түсіне алмайды. Әйел затының көңілін таба алмаған мынадай жексұрындарға жаным ашиды» - galina_852.

«Еуропа деп еліктейміз ғой. Керегі жоқ соның, Құдай сақтасын. Өз ұлым көгілдір болып кетсе нағыз ақырзаман сонда болмақ. Бұл құбылысты дұрыс деп санайтындарды түсіне алмаспын. Еркектер әйелдер үшін, ал әйелдер еркектер үшін жаралған. Табиғат заңы осындай» - zanikosya.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
34
30
22
6
0
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір