RU
Заманауи жырау ер адамдарға төрт-бес балалы келіншекті тоқалдыққа алуға кеңес берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Заманауи жырау ер адамдарға төрт-бес балалы келіншекті тоқалдыққа алуға кеңес берді

Рассказать Вконтакте

Заманауи жырау Жан Ахмадиев өзінің өткір сөздерімен жиі шындықты айтады. Бұл жолы ол тоқал алуға ниетті кәр-жасты Instagram парақшасында қатаң сынады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жан Ахмадиев. Фото: Instagram

Жан Ахмадиев. Фото: Instagram

«Тоқал сенің не теңің? Жылтырайды бір жерің» деген Жан Ахмадиев тоқалдыққа үлбіреген жас қыз алғысы келетін қариялардың қасиеттен жұрдай екенін жеткізді. Ол алдымен үйдегі бәйбіше мен бала-шағаны тойдырып отыруға кеңес берді.

«Осы күні жорғалаған жігіттен бастап, еңкейген шалға дейін "тоқал аламын" дегенді шығарыпты. "Өзбек байыса үй салады, қазақ байыса қатын алады" деуші ме еді? Аса құрметті, өздерін күллі қатынның қалаулысы санап жүрген мүсəпірлер-ау. Бірінші үйдегі бəйбішеңді асырап алсаңшы. Соның көңілі тұрмақ, төсектегі талабын орындай алмай жүріп, қайдағы тоқал саған. "Елімізде бі еркектің басына сегіз əйелден келеді екен" деп қояды біреулер. Егер басыңа сегіз қатыннан келсе де, олардың барлығы саған тоқал болуға дайын деген сөз емес қой. Бала-шағасының аузынан жырып алған ақшасын, бейтаныс қатындарға шашып жүрген бейшара кімге керек?», - деген жырау бұндай еркектерден бәрінің аулақ жүретінін айтты.

"Үйдегі балалары аш отырса да, сыртқа "баймын" деп жүрген жігіттерден Алла сақтасын!" дейді кез-келген қыз. Кейбір дін жолындағы ағалар бар, пайғамбарымыз Мұхаммедті мысалға алатын. Тек пайғамбарымыз сен сияқты жас əрі сұлу қыздарды мақсат етпеді ғой. Нағыз мұсылман болсаң, 18 жастағы қызды емес, төрт-бес баласы, екі кредиті бар қатын алсаңшы. Шыдай аласың ба? Əрине жоқ. Шыны керек, еркектер ұсақталып кеттік. Осыдан шығатын тұжырым: "Жалтырайды көтенің, тоқал сенің не теңің», - деп сөзін аяқтады Ахмадиев.

Ал оқырмандар «Сіз сияқты еркектер көп болса ғой», «Бәрінің сіз сияқты ойламайтыны өкінішті», «Керемет жеткіздіңіз», «Осыны кейбір ақымақтарға оқыту керек» деп пікірлерімен бөлісті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
4
40
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel