RU

Аяз ата мен Ақшақар жолаушыларды Жаңа жылмен құттықтайды

Жаңа жыл түнінде пойыздардың жолаушыларын Жаңа жылмен құттықтайды.

 "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 2010 жылғы 29-31 желтоқсан аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар, Алматы-1, Алматы-2, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Орал стансыларының темір жол вокзалдарының жолаушыларын Аяз ата мен Ақшақар құттықтайды.

Оған қоса әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

Жаңа жылды жолда қарсы алатын жолаушыларға да құттықтаулар ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/172135-ayaz-ata-men-akshakar-zholaushylardy-zhana-zhylmen-kyttyktajdy.html