RU
Ұятсыз фильмдердің жұлдызы АҚШ президентін сотқа берді (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Ұятсыз фильмдердің жұлдызы АҚШ президентін сотқа берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Трамппен көңілдес болды деп, БАҚ беттерінен түспеген Стефани Клиффорд енді АҚШ президентін сотқа беріп отыр. Ол екеуінің арасында болған интимдік қатынасты құпия ұстау туралы келісімді бұзғысы келеді екен. Бұл туралы tass.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: usatoday.com

Фото: usatoday.com

Клиффордтың айтуынша, Трамптың қорғаушысы Коэн оған 130 мың доллар төлеп, екеуінің арасында болған жағдай туралы тіс жармауын өтінген. Тіпті, араларында келісім де жасасқан екен. Ал актриса оны тек өзінің жақын адамдарына ғана мәлімдепті.

Фото: usatoday.com

Фото: usatoday.com

Арызданушы әйел Коэнді өзін БАҚ-қа сенсациялық сұхбат беріп, президентпен қарым-қатынасы болғанын айтпау туралы келісімін бұзбауға заң тұрғысында мәжбүрледі деп отыр.

Фото: usatoday.com

Фото: usatoday.com

Трамптың порнофильмдер жұлдызымен көңіл жарастырғаны туралы қанша айтылғанымен, оның қорғаушысы Коэн бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын. Ал Дэниелс Сторми (Стефани Клиффордтың лақап аты) президентпен жақын қарым-қатынаста болғанын растап отыр.

Фото: usatoday.com

Фото: usatoday.com

Жұлдыздың сөзіне сүйенсек, Трамп заңды жұбайы Меланиямен 2005 жылы шаңырақ көтеріп, 2006 жылы әйелі алғашқы ұлы Бэрронды босанған кезде олар жақын қарым-қатынасқа түскен екен. Бұл туралы алғаш рет 2011 жылы өз сұхбатында айтып берген.

Фото: usatoday.com

Фото: usatoday.com

Фото: usatoday.com

Фото: usatoday.com

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
1
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір