RU
Танымал әнші Майра Ілиясқызы өзін бақытты ететін құпиясымен бөлісті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әнші Майра Ілиясқызы өзін бақытты ететін құпиясымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Майра Ілиясқызы өзінің отбасы жайлы құпияларымен бөлісе отырып, өзін бақытты сезінуге не әсер етінін айтты деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Майра Ілиясқызы. Фото: Скриншот

Майра Ілиясқызы. Фото: Скриншот

Өзінің азан шақырып қойған есімі «Махира» болғанын да әнші алғаш рет мәлімдеді. Майра Ілиясқызы үш жасқа толғанда, анасы өмірден өткен екен. Алайда әншінің әкесі ешқашан балаларына анасын жоқтатпаған.

«Анам тым пысық адам болған. Үйден кірдің иісі шыққанын қаламайтыны соншалық, тіпті қыстың күні өзенге барып кір шаяды екен. Алайда, осы суық оны ақыры алып тынған. Әкем өмірден өткенше үйленбей, анамызды жоқтатпады. Қазір анам өмірге алып келген бауырлардан төртеуміз ғана қалдық», - деді әнші.

Сондай-ақ әнші өзін бақытты ететін себептер көп екенін атап өтті.

«Алла тағала «Бақыттымын» деген адамды ұнатпайды. Шүкір, менің бақытты болуыма себеп көп. Бақыт деген, ол - менің шәкірттерім. Ол - менің Тоғжаным. Бір тал қызым болса да он балаға татиды. Ол - менің екі әпкем. Ол – менің көрермендерім», - деп сөзін түйіндеді әнші.

Айта кетейік, Майра Ілиясова осыдан біраз уақыт бұрын өзінің күйеуіне екінші әйел алып бергенін айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
9
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel