RU
"Ордабасының" бұрынғы ойыншысы сот алдына келді
Жаңалықтар Қоғам

"Ордабасының" бұрынғы ойыншысы сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік "Ордабасының" бұрынғы жартылай қорғаушысы Елдар Бақтығалиев алаяқтық жолмен үлкен көлемде қаржы жинаған деп айыпталып жатыр. Бұл туралы prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Елдар Бақтығалиев

Елдар Бақтығалиев

Бүгінгі сот отырысында ол аудан әкімдері, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың басшыларын алдағаны анықталды. Бұл істе 12 қылмыстық оқиға мен 11 жәбірленуші бар.

Сондай-ақ, жәбірленушілердің ішінде «Ордабасы» президенті де бар болып шықты. Ол Бақтығалиевке сеніп, қайырымдылық қорына 1,5 миллион теңге берген. Ал футболшы мұның бәрін өз қажетіне жұмсаған деп күдіктелуде.

Оған тап болған әр клиент қайырымдылыққа деп 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін ақша беріпті.

Сот алдағы екі аптаның ішінде жәбірленушілердің бәріне ақшаны қайтарып беруді талап етті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір