RU
Омбылық жігіт анасын соққыға жығып, қоқыс құбырына лақтырып жіберген
Жаңалықтар Әлемде

Омбылық жігіт анасын соққыға жығып, қоқыс құбырына лақтырып жіберген

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Омбы қаласында 67 жастағы зейнеткерді өз баласы соққы астына алған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем әйелдің өмірін сақтап қала алмады деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Тергеу жұмыстары барысында белгілі болғандай, 8 наурыз күні Заозёрное көшесіндегі пәтерде 43 жастағы ер адам анасын қатты соққыға жыққан. Қаша жөнелген анасын қуып жетіп, басынан оңдырмай тағы төмпештеуге кіріскен.

Бұл әрекеті кезінде ер адам мас күйінде болғаны анықталды.

Есінен таңып қалған анасын жігіт мерт болды деп ойлап қалды. Оның денесін қоқыс құбырына тастай салып, өзі ұйықтауға кеткен. Бұл оқиғаға куә болған көршілер полиция мен жедел жәрдемді шақыра жөнелді.

Алайда, зейнеткерді құтқару дәрігерлер қолынан келмеді. Ұлынан жәбір көрген әйел ауруханада көз жұмды.

Қазіргі таңда қылмыскер қамауда отыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
5
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel