RU
Жапондық ғалымдар 24 сағатта тұмаудан арылтатын "супер"дәрі ойлап тапты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жапондық ғалымдар 24 сағатта тұмаудан арылтатын "супер"дәрі ойлап тапты

Рассказать Вконтакте

Жапондық фармацевтикалық Shionogi&Co компаниясы ғалымдары жуырда тұмауды 24 сағат ішінде адам организімінен мүлде жойып жіберетін дәрілік зат ойлап шығарды деп хабарлайды massaget.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Likar.info

Көрнекі фото: Likar.info

Статистикаға сенсек адамдардың жаппай тұмаурататын уақыты, тұмау вирусының өршитін қолайлы мезгілі күздің соңы мен көктемнің басы екен. Бірақ, енді алаңдауыңыз орынсыз. Жақында ғана ғалымдар тұмаудан әп-сәтте құтылатын препарат ойлап тапты.

Тәжірибе барысында Shionogi&Co компаниясы препараты басқа тұмауға қарсы дәрілерге қарағанда тез әсер ететіні дәлелденді. Басқа дәрілерді сіз күніне 3 реттен апта бойы ішсеңіз, жаңа препаратты бір-ақ рет қолдану жеткілікті. "Супер дәрінің" тұмауға қарсы сатылымдағы дәрілерден айырмашылығы – тұмау вирусы адам организміне енгеннен кейін организмді ақуызбен бірге вирусты өндіруге, көбейтуге, таратуға мәжбүрлейді.

Қолданыстағы дәрілер вирусты адам клеткасына енгізбеуге тырысады. Ал, вирус организмге еніп, орнығып алса оны денеден жоюға ұзақ уақыт жұмсайды. Жаңа дәрі керісінше вируспен күреспейді екен. Тек, организмде белокпен бірге вирустың көбеюіне таралуына жол бермейді.

Жапондық компания сату құқығына рұқсат алса, наурыз айынан бастап жаңа препаратты сатуды жоспарлап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
6
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel