RU
Тағы бір қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастады
Жаңалықтар Қоғам

Тағы бір қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастады

Рассказать Вконтакте

Грек-рим күресінен жақында ғана Азия чемпионы атанған Алмат Кебіспаев Халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінің көшін бастады деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vesti.kz

Фото: vesti.kz

Азияның екі дүркін жеңімпазы атанған Алмат Кебіспаев 67 келі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастады.

Отандасымыз "Тахти кубогы мен" Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін, 42 ұпай жинап, 67 келіде әлемнің ең үздік балуаны болып тұр.

Ал екінші орынға Рио Олимпиадасының чемпионы кубалық Исмаел Борреро жайғасса, Азия чемпионатының ақтық сынында Кебіспаевқа есе жіберген жапон балуаны Шимойамада үздік үштікке ілінген.

Айта кетейік, Алмат Кебіспаев Бішкекте өткен Азия чемпионатында 67 келіде қарсыластарын қоғадай жапырып, екінші мәрте Азияның ең үздік балуаны атанды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір