RU
Өз мейрамында пышақталған қостанайлық әйел ауруханада қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өз мейрамында пышақталған қостанайлық әйел ауруханада қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Қостанайда 8 наурызда пышақ жарақатымен ауруханаға түскен әйелдің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өз мейрамында пышақталған қостанайлық әйел ауруханада қайтыс болды

Өз мейрамында пышақталған қостанайлық әйел ауруханада қайтыс болды

Пышақталған әйел қалалық ауруханаға сағат 23.45-те өте ауыр хәлде жеткізілген. Бұл ақпаратты медициналық мекеменің бас дәрігерінің орынбасары Игорь Войтов растады.

"Әйел бірнеше пышақ жарақатымен келіп түсті. Оның ішінде кеуде тұсына жасалған соққыдан өкпесіне зақым келген. Біздің дәрігерлер екі операция жасады, бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Өйткені әйел ауруханаға жеткізілгенше көп қан жоғалтқан", — деп хабарлады Войтов.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осы қылмысқа қатысты әзірге жауап бермеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
3
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel