RU
Маңғыстау облысында қасқырдан бетер қаңғыбас иттер малды қырып кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстау облысында қасқырдан бетер қаңғыбас иттер малды қырып кеткен

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында 115 қаңғыбас ит атылды. Өйткені бұралқы иттер қорадағы малға қырғидай тиіп, талап жатыр. Тіпті тек соңғы уақытта ғана 33 бас малға тап беріп, қырып тастаған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Маңғыстау облысында қасқырдан бетер қаңғыбас иттер малды қырып кеткен

Маңғыстау облысында қасқырдан бетер қаңғыбас иттер малды қырып кеткен

Сайын Шапағатов елдімекеніндегі бес бірдей жанұяның қой-ешкісін иттер сау-тамтығын қалдырмай талап, тіпті терілеріне дейін жұлып тастаған.

Басқасын айтпағанда, бір отбасының өзі айналасы бір түннің ішінде қорадағы 14 малынан айырылыпты.

Үш жарым мыңға жуық түтіні бар Шапағатов ауылында 33 мал қаңғыған итке таланған. Әуелі 20 малды талаған төбеттер екі күннен кейін тағы он екісіне тап берген. Қорадағы малға жаппай атылып жатқан төбеттерді тұрғындар құтыру дертіне шалдыққан болулары мүмкін деп жобалайды.

Енді жұрт жергілікті билік өкілдерін кінәлап отыр.

«Өйткені, бұған дейін адамдарды қапқан иттерді өлтірсе, мұндай шығынға батпас едік», - дейді олар.

Ал мамандар қаңғыбас иттерді енді ғана жоюды бастады. Әкімдіктегілер тіпті бір аптаның ішінде 155 бұралқы итті атқан.

Дегенмен төбеттердің құтыру ауруына шалдыққанын жоққа шығарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір