RU
Әблязовтың желідегі жазбасына лайк басқандар түрмеге жабылуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Әблязовтың желідегі жазбасына лайк басқандар түрмеге жабылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Бүгін еліміздің Бас прокуратурасы арнайы мәлімдеме жасап, Әблязов пен оның айтақшыларынан сақ болуға кеңес берді. Айтуларынша, оларға қолдау білдіріп, қатарына қосылғандар бұдан-былай қылмыскер болып саналады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әблязовтың интернеттегі жазбасына лайк басқандар түрмеге жабылуы мүмкін

Әблязовтың интернеттегі жазбасына лайк басқандар түрмеге жабылуы мүмкін

Бұдан былай «ДВК»-ны қаржылай қолдап немесе ұйымның атынан түрлі митинг өткізетіндер 2 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тіпті, қозғалыстың қатарына қосылмай-ақ, Әблязовтың әлеуметтік желісіндегі жазбасын қолдап лайк басқандар да шатылуы ықтимал.

Сондықтан, прокурорлар қашқынның парақшасына жазылған азаматтарға одан дереу шығып кетуге кеңес берді.

"Қозғалыс туралы кез-келген жазбаға оң пікір қалдыру, ұйым туралы ақпарат тарату да қылмыс екенін ескертеміз. Мұндай адамдарға 5 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін түрмеге жабылады", - дейді Бас прокуратураның қылмыстық қуғындау қызметінің басшысы Ерлан Абаев.

Қазірдің өзінде прокурорлар экстремизмді насихаттаған Әблязов қозғалысының 5 мүшесін қамауға алған. Бірақ, олардың кім және не үшін ұсталғаны әзірге құпия.

Ал БТА банктен 7 жарым миллиард долларды жымқырып, сырттай 20 жылға сотталған қашқын олигархтың өзі қазір Францияда бас сауғалап жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
44
1
1
2
2
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір