RU
Қоғам белсендісі Шымкентте зорланған жеті жасар балаға қатысты істі қайта қолға алмақ
Жаңалықтар Қоғам

Қоғам белсендісі Шымкентте зорланған жеті жасар балаға қатысты істі қайта қолға алмақ

Рассказать Вконтакте

«Дом» қайырымдылық қорының басшысы Аружан Сайын Шымкентте зорланған жеті жасар балаға қатысты істі қайта қолға алмақ. Бұл жайында қайраткер Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Аружан Сайын. Фото: time.kz

Аружан Сайын. Фото: time.kz

"Шымкентке қарасты Сарыағаш ауданы Абай ауылында жеті жасар баланың зорланғанына қатысты хабарлағым келеді. Мамандар істі тексере келе, басқаша жауап қатты. Сондықтан бірқатар азаматтар мен қоғам қайраткерлері біресе отырып төмендегіше шешім қабылдадық", - деді Аружан Сайын. Олар істі бірнеше бөлімге бөліп, жауапты адамдарды тағайындаған.

  • "Қайырымды жандардың қолдауымен балақай мен әжесінің жолақысы, тамағы мен тұратын орнына Жанна Ахметова жауап береді. Егер көмек көрсетем дейтін білікті заңгерлер болса осы кісіге хабарласа алады.
  • Ал Гүлзат Асанова білікті психологтармен кеңесе отырып, баламен сөйлеседі;
  • «Дом» қайырымдылық қоры істің қайтадан медициналық тексерілуі мен мемлекеттік мекемелердің дұрыс жұмыс жасауын қадағалауға алады. Осы істің нәтижесіне қарай шешім қабылданады", - деп жазбасын аяқтады қоғам қайраткері.

Айта кетейік, Аружан Сайын бұл жайында балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбековке ескертіп, қолдау білдіруді сұраған. Ал күні кеше жергілікті кафелердің бірі екі адамға арналған ас мәзірін тегін ұсынатынын хабарлады. Олар тексеріс біткенше балақай мен әжесін тамақ жағынан қамтамасыз етпек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
18
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір