RU
Қазақстандықтар "Көрісу" мерекесін атап өтіп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар "Көрісу" мерекесін атап өтіп жатыр

Рассказать Вконтакте

Бүгін 14 наурыз – көрісу күні. Еліміздің батыс өңірлері жыл сайын атап өтетін дәстүрлі мереке биыл да өз жалғасын табуда деп хабарлайды NUR.KZ.

14 наурыз – көрісу күні аталып өтуде

14 наурыз – көрісу күні аталып өтуде

Көрісу - Қазақстанның Батыс өңірі және Ресеймен шектесетін аймақтарда сақталған көне дәстүр. Ал Маңғыстау өңірінде «Амал» мерекесі деп аталады.

Бұл күні жасы кішілер қала мен ауылдарда ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге барып, амандық-саулық сұрап, көріседі.

Ал үлкендер кішілерге: «Бір жасыңмен! Өмір жасың ұзақ болсын!» деп ерекше мейіріммен батасын береді. Дәл осы күні әр үйде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылады. Тұрғындар бір-бірімен құшақ жая амандасып, өкпе-ренігті кешіреді.

Айта кетейік, бірлікке, мейірімге бастайтын бұл жол ислам қағидаттарына да өте жақын екен. Көрісу мерекесі Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбенің кейбір аудандарында, Ресейдің көршілес Астрахан, Саратов, Орынбор өңірлерінде, Қарақалпақстанда аталып өтіледі. Ал биыл Қызылорда өңірі алғаш рет бұл мерекені атап өтпекші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel