RU
Қарағандыда із -түзсіз жоғалған азаматтың бетондалған денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда із -түзсіз жоғалған азаматтың бетондалған денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда осыдан екі ай бұрын із -түзсіз жоғалған азаматтың өлі денесі бетондалған күйінде табылды. Белгісіз біреулер марқұмның денесінің бірнеше жерін пышақтап, кейін мәйіттің үстіне бетон құйып тастаған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алексей Руколян. Скриншот 31 арна

Алексей Руколян. Скриншот 31 арна

Марқұмның жақындары мәйітті жасыру үшін күдіктілердің арнайы құм сатып алып, оны бетонмен араластырғанын айтады. Туыстары "мұндай қылмысқа кім барғанын білеміз", деп отыр.

Тіпті, 28 жастағы Алексей Руколяны күдіктілер ақша үшін өлтіргеніне де күмәнданбайды. Сөздерінше, есеп шотында 1 миллион 500 мың теңге ақша болған азаматты арақ ішкізіп, кейін оны соққыға жыққан көрінеді.

Ақыры денесіне пышақ сұғып алған. Алексейдің денесін полиция қызметкерлері Теміртау қаласындағы жеке меншік үйдің жертөлесінен тауыпты.

"Ол әйелімен ажырасқанда пәтерлерін сатып, ақшаны екеуі бөліп алған. Өзі туған күнге кеткен. Сонда болған адамдар оның есеп шотында қомақты қаражаттың барын естіді. Сол үшін өлтірді деп ойлап отырмыз. Ол спортпен шұғылданған. Өте мейірімді азамат болған еді", - дейді марқұмның ағасы Олег Холодарь.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
5
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір