RU
Өз тойына көлік айдап бара жатқан қалыңдықты полицейлер қамап қойды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өз тойына көлік айдап бара жатқан қалыңдықты полицейлер қамап қойды

Рассказать Вконтакте

Аризона штатында қалыңдық тойының алдында аздап жүйкесін тыныштандырмақ болып, алкогольдік ішімдік ішкен. Соның салдарынан үйлену тойының салтанатты рәсіміне кешігіп қала жаздаған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Қалыңдық қатты қобалжып тұрғандықтан, өзімді біраз басқым келді деп ақталғанымен, ол алкогольмен тым асыра сілтеп жібергендіктен, жолда полицейлер назарына ілігеді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 32 жастағы Эмбер Янг көлікті мас күйінде жүргізгені үшін қамауға алынған. Ақ түсті той көйлегін киген қыздың қолына кісен салып, таңғы 10:30 шамасында Марана қаласындағы түрмеге алып барады.

Абырой болғанда, Эмбер салтанатты рәсімге тура уақытында барып үлгеріпті. Осыдан кейін полицейлер қалыңдықты құрықтап жатқан сәтті суретке түсіріп, "Мас күйде көлікті жүргізбеңіз. "Біздерді өлім айырғанша" - дегенге жағдайды жеткізбеңіздер", - деп жазба қалдырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel