RU
ОҚО-да тағы бір үшем дүниеге келді (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

ОҚО-да тағы бір үшем дүниеге келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте ортақ салмағы сегіз келі шамасында болатын үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақтанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бақытты ана Гүлжанат Пердебаеваның енді 5 баласы бар. Ұл мен қыздың анасы үшем болатынын төрт айлық кезінде білген екен. Жас ана үш ұл баланы наурыздың 5 күні ота жасап босанған. 35 аптада, айы-күні толмай туған сәбилердің бірінің салмағы 2400 грамм, бойы 45 см, екіншісінің салмағы 2600 грамм, бойы 46 см, үшіншісінің салмағы 2700 грамм, бойы 48 см екен. Бір аптадан аса уақыттың ішінде салмақ қосып, сәбилердің жағдайы жақсарды, дейді дәрігерлер.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Үшемнің ата-анасы Мұхтар мен Гүлжанат Шардара ауданының тұрғындары, енді оларды бала көбейгендіктен, тұрғын үй мәселесі толғандыра бастаған. Олар мемлекеттің көмегіне үміт артып отыр.

Елубаевтар әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата-әжелері ырымдап Ерасыл, Нұрасыл, Жанасыл деген есім беріп отыр. Олар осыдан үш жыл бұрын атажұртқа Өзбекстаннан көшіп келген.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
1
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір