RU
Атақты "Перекресток" хикаясында ойнаған танымал актриса қазір қайда жүр? (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атақты "Перекресток" хикаясында ойнаған танымал актриса қазір қайда жүр? (фото)

Рассказать Вконтакте

Кезінде танымал болған "Перекресток" сериялында басты рөлдердің бірін сомдаған актриса Ирина Ажмухамедова қазір қайда және кімдермен жұмыс істеп жүргені туралы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Ирина Ажмухамедова жас кезінде

Ирина Ажмухамедова жас кезінде

Мен қазір желі арқылы танылып жүрген жас вайнер Нұрлан Батыровтың фильміне түсіп жатырмын" - дейді актриса.

Ирина Нұрланмен бағдарламалардың бірінде сұқбат барысында танысқан. Батыров жас актер, талантты вайнер ретінде сұхбат берген. Бағдарлама барысында актриса оны ерекше байқаған. Айтуынша, Нұрлан өзін сондай байсалды көрсеткен.

Ирина Ажмухамедова фото желіден алынды

Ирина Ажмухамедова фото желіден алынды

Содан соң Нұрланнан продюссер ретінде кино түсуге ұсыныс келгенде Ирина ханым ойланбастан келесім берген.

"Алдымен, қысқа вайндарға түстім, қазір киноның түсірілімін бастап кеттік", - дейді Ирина.

Сонымен қатар, ол қазіргі желі арқылы көтеріліп жатқан жас актерларды қолдайтынын жеткізді.

Ирина Ажмухамедова оң жақта

Ирина Ажмухамедова оң жақта

Айта кетейік, Нұрлан Батыров Instagram желісінде "Безумная женщина" тақырыбы аясында вайндар түсіріп аты шыққан.

Жас актер продюссер ретінде кино саласына енді ғана қадам басып келеді. Желі жұлдызы қазір "Дневники Безумной женщины" атты картинаның түсірілімімен айналысып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
3
2
3
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel