RU
Өмір осымен тоқтамайды: Даниал Ахметов жылаған келіншекке жұбату айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Өмір осымен тоқтамайды: Даниал Ахметов жылаған келіншекке жұбату айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде ауыл-аймақты аралап, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездескен ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың видеосы тарап кетті. Көз жасын тоқтата алмай, әкімнің алдында жылап жіберген әйелді жұбатқан Ахметовтың әрекеті қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Өмір осымен тоқтамайды: Даниал Ахметов жылаған келіншекке жұбату айтты (видео)

Өмір осымен тоқтамайды: Даниал Ахметов жылаған келіншекке жұбату айтты (видео)

ШҚО әкімі үйін су басқан тұрғындармен жеке-жеке тілдесіп, олардың жағдайымен танысып шыққан. Ал желіде тарап кеткен мына видео көпшілікті сүйсінтіп, қызу талқыға түсті.

"Балаларыңмен сөйлес, көңілін көтер. Мен Даниал Кенжейұлымен кездестім деп айт. Көмектесемін деп уәде берді десеңші", - деді ол ауыл тұрғынына.

Сонымен бірге ол үш баласы бар әйелге жылы сөзін аямай, оған үш бөлмелі пәтер беретінін айтты.

"Вот үш бөлмелі пәтер аласың. Айналайын, енді бір күлсеңші", - деді ол жылап тұрған анаға.

"Соны айт. Өмір осымен тоқтамайды, айналайын. Тамаша балаларың бар. Олар енді жақсы оқиды. Жылама, барлығы дұрыс болады. Міне, осында келдік. Мен қайда кетемін? Сөзсіз, көмектесемін, Керек болса, жиһазға да қаржы бөлемін", - деп жұбатты ол.

Ал бұл видеоны көрген жұрт қиналып отырған халыққа жылы сөзін аямаған Даниал Ахметовке алғысын жаудырып, рақметін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
123
5
8
5
3
144
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір