RU
Баян Мақсатқызы Қайрат Нұртасты Димаштан биік қоятынын білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Мақсатқызы Қайрат Нұртасты Димаштан биік қоятынын білдірді

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызының таңдауы елімізге танымал әншіге түсті. «TalkLike» бағдарламасында «Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртастың қайсысын таңдайсыз» деген сауалға продюсер ойланбастан жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш немесе Қайрат Нұртас: Баян Мақсатқызының таңдауы отандық әншіге түсті. Фото:ratel.kz

Димаш немесе Қайрат Нұртас: Баян Мақсатқызының таңдауы отандық әншіге түсті. Фото:ratel.kz

Баян Мақсатқызы аталмыш бағдарламада өзінің отбасы мен бұрынғы күйеуі, қыздары мен мансабы жайлы сыр шертті. Сондай-ақ продюсердің алдына бірнеше таңдау қойылды.

"Қайрат Нұртас пен Димашты салыстыра алмаймын. Әрқайсысы өзінше ерекше. Кешіріңіз, мен айта алмаймын. Ал "кім маған көбірек ұнайды" десеңіз, онда Қайрат Нұртас", - деді ол.

Бұрынғы күйеуі мен қазіргі жұбайы арасында біреуін таңдау керектігін айтқан жүргізушіге «Мен өз таңдауымды жасағанмын» деп жауап берді.

Айта кетейік, продюсер Қайрат Нұртасты еліміздің секс-символы деп атаған болатын. Сондай-ақ Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың ең жақсы әке болғанын да жеткізді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
37
4
5
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір