Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қыздарға порно-кастинг жарияланғандар желіні дүрліктірді

Опубликовано:

Ақтөбеде отандық порнофильмге қыздар арасында кастинг жарияланған деп хабарлайды esil.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желіде Ақтөбеде қыздарға арналған порно-кастинг жарияланды деген ақпарат тарап кетті
Желіде Ақтөбеде қыздарға арналған порно-кастинг жарияланды деген ақпарат тарап кетті: UGC

Instagram әлеуметтік желісіндегі esil.media паблигінде Ақтөбеде отандық порнофильмге 19-23 жас аралығындағы қыздарға кастинг жарияланды деген ақпарат жарыққа шыққан.

Жазба авторының айтуынша, мұндай мәлімет ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде тараған. Сондай-ақ, онда кастинг ұйымдастырушыларымен Вконакте немесе Telegram желісі арқылы байланысқа шығуға болады деп жазылған.

Жазбадан кастингке қатысатын бойжеткендерге қандай талаптар қойылатынын да білуге болады. Осылайша, болашақ "порнофильм жұлдыздарының" тәні сұлу да сымбатты, әрі "төсек қатынасынан хабары" болуы тиіс екен. Кастинг Ақтөбе қаласында өтеді деп жоспарлануда, алайда, оған еліміздің кез келген өңірінің тұрғыны қатыса алады екен. Сонымен бірге, арулардың бір эпизодқа түскені үшін – 150 мың теңге көлеміндегі еңбекақы алатыны белгілі болған.

Жазба авторының сөзіне сенсек, аталған ақпарат ақтөбеліктердің интимдік өмірлері туралы жазатын әрі түрлі фотосуреттерімен бөлісетін парақшада жарияланған екен. Сондай-ақ, осы топта Ақтөбе тұрғындары төсек қатынасы үшін, "серіктес" іздейтін көрінеді.

Автор, әзірге ақпараттың қаншалықты рас-өтірік екенін анықтау мүмкін болмай отырғанын мәлімдеген. Десе де, ондағы мәліметке сәйкес, кастинг ұйымдастырушылары порнофильм түсіруге мықтап кіріскен тәрізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721464-aktbede-kyzdarga-porno-kasting-zarialangandar-zelini-drliktirdi/

pixel