Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толық әйелдерге ерекше құрмет көрсететін елдер туралы білесіз бе?

Опубликовано:

Асқан семіздіктен туындайтын көптеген проблемаларға қарамастан, оны құрмет тұтатын мемлкеттер жоқ емес. Тіпті кейбір елдерде семіздік денсаулық, байлық пен бақыттың белгісі саналады. Осыған орай бұл құбылыс орын тапқан мемлекеттерді назарларыңызға bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

1. Тонга

Тонга аралында ірі пішінді келетін денелі адамдар нағыз сұлулық символына айналса керек. Мұнда 140 мың адамның ішінде 100 мыңы семіздікке шалдыққан. 2014 жылғы зерттеулерге сәйкес, Тонго аралының тұрғындары семіруге бейім келеді. Әйел семіздігі көп жағдайда тұқымқуалаушылық қасиетке ие.

2. Кувейт

Таяу Шығыстық мемлекет тек өз мұнайымен емес, семіздікке жақын халқымен де танымал. Әйелдер қауымының 15 жастан үлкендерінің көбісі семіздікке шалдыққан. Олар ел халқының 52%-ын құрап отыр. Сәйкесінше, семіздік бар жерде жүрек аурулары да кең қанат жаятыны заңдылық. Жүрек аурулары – Кувейттегі өлімнің өсуіне бірден-бір себепкер. Бұл елде әйелдер көп жағдайда үйде отырады. Ел тұрғындарының түсінігінше, неғұрлым әйел ірі болса, соғұрлым үйдің берекесі де мол.

3. Фиджи аралдары

Бұрындары басқалардан оқшау орналасқан Фиджидің өзге әлеммен бірігу идеясы оның халқын семіздікке әкеп соқтырған. Оған басты себеп – тамақтану тәртібінің күрделі өзгеріске ұшырауы. Өзге әлеммен қосылуына орай, бұл аралға жоғары калориялы тағамдар да келіп жеткен. Алайда бұл елдің әйелдері өз денесін аса сымбатты санайды. Олардың пайымдауынша, толық адамдар ең бақытты болып келеді.

4. Ямайка

Ямайкалық әйелдердің 65%-ы толық деп саналады. Оған қоса, олар үшін нағыз сымбатты дене медициналық стандарттардан екі есе асып түседі. Бұл арал әйелдерінің дене бітіміндегі ұлттық ерекшеліктері де аса ірі форматтарға сай. 1993 жылғы зерттеулер нәтижесінде ямайкалықтар үшін арықтық қайғымен, ал семіздік бақытпен түсіндірілетіні белгілі болды.

5. Самоа

Самоа өзінің Тынықмұхиттық диетасынан бастартқалы, бұл ел халқының салмағы да арта түскен. Семіздік олар үшін жаңадан шыққан нәрсе емес. Биологиялық антропологтардың мәлімдеуінше, самоалықтардың дене бойында артық мөлшердегі майдың болуы, олардың ДНК-да бар болса керек. Мұндай бейімділік семіз адамдардың көбеюіне әкелетіні анық. Ал семіз әйелдер Самоада ең әдемі деп саналады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

6. Оңтүстік Африка

Оңтүстік Африка о бастан арық денелі адамдарды жиіркенішті деп есептеген. Тіпті тарап кеткен еуропалық 90-60-90 стандарты да бұл мемлкетттің ойын өзгерте алмаған сияқты. Өйткені толық денелі азаматшалар Оңтүстік Африкада сұлулық пен беделдің белгісіне айналған.

7. Ауғанстан

Ауғанстан әйелдері де семіздікке жақындар қатарына кіреді. Олардың тастамай киетін хиджабтары толық денелерін көп жағдайда жасырып тұрады. Алайда, домалақ бетті қыздар бұл елде ең көрікті болып саналады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

8. Таити

Бұл аралда «ха’апори» атты дәстүр болған. Оның түпкілікті мағынасы - тамақтандыру. Жас қыздарды көп тамақ жеуге мәжбүрлеген. Себебі семіру арқылы ғана сұлулыққа қол жеткізіп, балалы болуға кедергі болмайды деп ойлаған олар. Семіздікті Таитиде әлі күнге дейін құрмет тұтады.

9. Науру

Науру мемлекеті диабет ең кең қанат жайған меке деп есептеледі. Мұндағы диабетке шалдыққандар ел халқының 31%-ын құрап отыр. Бұл ел де семіз халқымен танымал. Барлық 14 мың адам халқы семіздікті үлгі тұтады.

10. Мавритания

Мавританияда әйелдерді тамақтандыруға үлкен екпін түсірілген. Қыз балаларға кішкентайынан бері түйе сүтін беру кездеседі. Сол арқылы мавританиялықтар болашақта аса ірі денелі болып, нағыз сымбатты денеге қол жеткізуге болады деген пікір ұстанса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1721478-tolyk-jelderge-erekse-krmet-krsetetin-elder-turaly-bilesiz-be/

pixel