RU
Су астында қалған үйі үшін әкесін жұбатқан балақай жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Су астында қалған үйі үшін әкесін жұбатқан балақай жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде ШҚО-ның Аягөз ауданында үйін су шайып әкеткен балақайдың әкесін жұбатқан видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagram әлеуметтік желісіндегі oskemenlive парақшасында ШҚО, Аягөз ауданы тұрғындарының үйі мен қора-қопсысын түгелімен су шайып кеткен бейнежазба жарияланған. Онда бүтіндей бір отбасының үйі мен барлық дүние-мүлкі су астында қалғанын көруге болады. Сонымен бірге, видеода су ағынының да күшті екені байқалады.

Видео авторы, тіпті, топан судың автокөлік көпірінің үстімен жүріп кеткенін айтады. Десе де, орын алған жағдайға байланысты, үй иесінің баласы "Ештеңе етпейді, бәрін жөндеп аламыз, солай емес пе, әкешім?" деген дауысы естіледі.

Көпшілік, сәбидің бұл сөзіне риза болып "Жарайсың, балапан, сенен бәрі үлгі алуы керек!", "Кішкентай батыр" деген сынды пікірлерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
5
2
2
29
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel