RU
Қазақ тілін небары үш жылда меңгеріп алған түркиялық балақай жұртты шаң қаптырды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ тілін небары үш жылда меңгеріп алған түркиялық балақай жұртты шаң қаптырды

Рассказать Вконтакте

Түркияда туып өскен Айбар Метинжан Ақтөбеде облыстық білім олимпиадасында қазақ тілі пәнінен бақ сынап көрді. Өзге ұлт өкілдері арасынан топ жарған ол республикалық жарысқа жолдама алды, деп хабарлайды "Тілші"-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айбар Метинжан

Айбар Метинжан

"2014 жылы әкемнің жұмыс бабымен Қазақстанға көшіп келдік. Мен ол кезде 11 жаста едім. Қазақ тілін мүлдем білмедім. Араға жылдар салып, еркін сөйлей аламын. Бүгінде Білім және инновация лицейінің 9 класс оқушысымын", — дейді Айбар Метинжан.

Жеңімпаз оқушының айтуынша, олимпиада сұрақтары қиын болмағанға ұқсайды. Мәтін жазу, оқу, тыныс белгілерін қою секілді тапсырмалар түскен.

"Біздің мектептен екі түрік оқушы қатыстық. Сонымен бірге, әзірбайжан, өзбек, ұйғыр, башқұрт балалар бақтарын сынап көрді. Енді республикалық додаға мұғалімім Баян Базарғалиевамен бірге дайындалып жүрмін", — деді Айбар Метинжан.

Айта кетейік, Ақтөбеде облыстық білім олимпиадасына қатысқан 700-дей оқушының 400-і бүгін Студенттер сарайында марапатталды.

Бұрынғы қазақ-түрік, бүгінде Білім және инновация лицейінен қатысқан 75 баланың 68-і жүлделі орындарға ие болды. 38 оқушы републикалық олимпиадаға жолдама алып отыр.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір