RU
Жындыханадан шыққан ер адам әйелін шайтанға теңеп, пышақтап тастаған
Жаңалықтар Әлемде

Жындыханадан шыққан ер адам әйелін шайтанға теңеп, пышақтап тастаған

Рассказать Вконтакте

55 жастағы Стивен Арнольд жындыханадан шығып, үйіне келе сала әйелін пышақтап өлтірген. Ер адамның балалары оның ауруханадан шығуына қарсы болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Стивен Арнольд өз-өзіне қол жұмсамақ болып, бірден жындыханаға жатқызылған болатын. Алайда, небәрі екі күннен кейін дәрігерлер оны үйіне қайтарды.

Ер адамда психикалық ауытқулар жұмыссыз қалған кезінен бастау алған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Стивеннің қыздары дәрігерлерге әкесінің тым аз уақыт емделгенін айтып шырылдаған. Тіпті оның жындыханада дәрі-дәрмек ішуден бас тартып, шындыққа жанаспайтын әңгімелерді тым көп айтқаны белгілі болды.

Отағасы ауруханадан шығатынын естіген туыстары үйдегі барлық пышақтарды тығып тастаған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Қайғылы оқиға болған түні Стивеннің үлкен қызы Лиэннге туыстарын хабарласады. Олар әкесінің түнгі сағат үш шамасында Facebook парақшасына өз әйелін шайтанға теңеген жазбасын көріп қалғанын айтқан. Оған қоса Стивен көпшілікті өз әйелін өлтіруге шақырса керек.

Хабар ала сала, Лиэнн ата-анасының бөлмесіне жүгіре жөнелді. Алайда тым кеш болған. 46 жастағы Карен сансыз пышақ жарақатынан қайтыс болды. Ал Стивен болса өз-өзіне қол жұмсаған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
4
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel