RU
Жігітке қалыңдық таңдап беретін тәжіктердің салт-дәстүрі әлемді таңырқатты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жігітке қалыңдық таңдап беретін тәжіктердің салт-дәстүрі әлемді таңырқатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда жастардың үйлену тойына ерекше мән берілген. Бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлерді құрмет тұтатын тәжік мәдениетіне заманауи өзгерістер өзіндік әсер еткен сияқты деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Әрбір тәжік жанұясы балаларының кіші кезінен бастап олардың болашағын ойластырады. Тіпті бала туыла сала қалың малын немесе қыз жасауын алдын-ала жинай бастайды.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Күні бүгінге дейін тәжік жігіттерінде қалыңдық таңдауда әлі де еркіндік жоқ. Олардың өмірлік серігін жанұясы мен жақын туыстары таңдап береді.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Үлкен жиын барысында ақсақалдар қыздарына күйеу, ұлдарына қалыңдық іздейді. Көңілдерінен шығып жатқандарына елші жіберіп, өз ниеттерін білдіртеді.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Алайда, технологиялар заманы өз жаңашылдықтарын тәжік мәдениетіне алып келе алды. Мәселен, қазіргі таңда жастардың әлеуметтік желілер арқылы танысуыларына мүмкіндік бар. Дегенмен де, салт-дәстүрді қатаң түрде сақтауға тырысатын тәжіктер интернетке сенімсіздікпен қарайды.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Бүгінгі қоғамда бір-бірінің жағдайын түсініскен құдалар арасында қалың малдан бас тартып жататын кездер де болып тұрады. Бұл құбылыс бұрынғы заманда қол жетпес дүние іспеттес болған. Алайда, қыз жасауы - күні бүгінге дейін қатаң сақталатын дәстүр. Оны беру - қыздардың ата-анасына міндет.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Заманауи технологиялармен қатар, ел билігі де той-думан саласына ептеп араласып келеді. Олардың айтуынша, аса қымбат той-кештерін жасаудың қажеті жоқ. Оның үстіне қаржы ауыртпалығын бір ғана отбасыға жүктемей, екі жанұя бөліп төлеген орынды болар еді дейді олар.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Үйлену тойларының өзінің өткізілу тәртібі де енгізілген. Жұмыс күндері 18:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері 08:00-22:00 аралығында той-кешін жасауға рұқсат. Кез келген тәжік тойы енді үш сағат көлемінде аяқталуы тиіс. Заң талабы – осы.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Болашақ жарды таңдау тәсілі де тәжік халқында ерекше. Мысалы, филология факультетінде оқитын қыздар болашағын тек отбасымен байланыстырады. Олар нағыз үй шаруасымен отыратын келіншек ретінде жарамды болып келеді.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Ал шет тілдер факультетінде керісінше, мансап қуған қыздар білім алады. Мұндай қыздарға көбіне ауқатты отбасылардың көзі түседі.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Ауылды аймақтарда ұл балаға қалыңдық таңдау тіптен оңай. Өйткені кішігірім елді-мекенде бәрі бір-бірін жақсы біледі. Қандай отбасы, талабы қаншалықты жоғары екенін анықтап та керек емес.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Тәжікстанда қыз бала жасауымен бағаланады. Неғұрлым жасауы мол әрі қымбат дүниелерге толы болса, оған сұраныс та жоғары болмақ.

Жасауы мықты қыз ауқатты отбасына келін болуға мүмкіндік алса, жасауы осал болып шыққан бойжеткен кедей жанұяға түсетіні айқын.

Алайда ауқатты жанұядан шыққан қыздарды ешқашан да беделі өздерінен төмен отбасыға ұзатпаған.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru
Source: UGC

Салт-дәстүрлер тәжік халқына әлі де болсын мәдени қысым көрсетуде. Тәжік ер азаматтары болашақ жарды емес, туғандарының көңілінен шығар үй көмекшісін іздеп әлек.

Сіздің реакцияңыз
0
7
5
0
2
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel