Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарыағаштың бас мұғалімі зорлау ісінде күдікке ілінген оқушыларға шаң жуытпады

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстандағы Сарыағаш ауданы, Абай ауылында 7 жасар баланы жоғары сынып оқушыларының зорлап келгені туралы ақпарат күллі қоғам назарына ілікті. Өрімдей баланы топ болып бірнеше ай зорлады деген күдіктілерге қатысты аудандық білім бөлімінің басшысы мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш

Неге екені белгісіз, бұған дейін бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған ақпараттарда оқушыны зорлады деген күдіктілер саны төртеу деп көрсетілгенімен, бүгінде оның саны үшеу болып шықты. Бұл туралы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов айтты.

Сонымен қатар, шенеунік күдіктілердің есімін құпия сақтағанымен, жәбірленуші баланың аты-жөнін ашық жария етті. Тілшілерге арнайы баспасөз мәслихатын өткізген бөлім басшысы күдікке іліккен жоғары сынып оқушыларына мінездеме беріп өтті.

«Біреуі 7 сынып, екеуі 8 сынып оқушылары. Олар №74 Баласағұн атындағы мектепте оқиды. Жәбірленуші №73 мектептің 1 сынып оқушысы. Күдікті делінген екі оқушы волейболға, біреуі футболға қатысады. Сабақ үлгерімдері орташа. Бұған дейін бұзықтық жасамаған, тәртіпсіздік бойынша есепке ілінбеген. Ол балалармен өзіміз де сөйлестік, өте жуас», - деді ауданың бас педагогы Майрихов.

Бөлім басшысының айтуынша, Сарыағаш ауданында білім саласының ахуалы тұрақсыз болуына, соның ішінде суицид санының артуы мен білім саласы мамандарының бір-бірімен сотттасуы сынды жағдайлардың өршуіне психолог маманының жеткіліксіз болуы себепші екен.

Қазігі таңда аудандық мектептерде 138 психолог мамандары жұмыс істесе, әлі 18-20 шақты маман қажет көрінеді. Дегенмен, бөлім басшысы бар маманның көмегімен және прокуратура қызметкерлерімен бірге жаңа оқу жылынан бері 8 жасөспірім қыздың суицидке баруының алдын алыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721573-saryagasty-bas-mgalimi-zorlau-isinde-kdikke-ilingen-okusylarga-sa-zuytpady/

pixel