RU
Астанаға келген Тәжікстан президенті қарлы елордаға тәнті болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астанаға келген Тәжікстан президенті қарлы елордаға тәнті болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанаға іс-сапарымен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді. Әрдайым суық ызғар тартып тұратын қарлы елорда оның көңілінен шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Нұрсұлтан Назарбаевпен Ақордада өткен кездесу барысында Тәжікстан президенті Астананың ауа-райына, әсіресе жапалақтап жауған қарына тәнті болғанын жасырмады.

«Астанаға келген сайын әсем елордаларыңыздың бейнесі тез ауысатынын аңғарамын. Қарлы ауа-райы - мол өнімнің белгісі», - деді ол.

Эмомали Рахмонның айтуынша, Душанбенің ауа-райы Астанамен ұқсас. Алайда, біздің елордада қар анағұрлым көп болса керек.

Айта кетейік, ел басшысы Тәжікстан президентіне Парасат орденін табыстаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel