RU
ОҚО-да қымбат көлік мінген бұзақылар 41 жастағы азаматты атып кетті
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да қымбат көлік мінген бұзақылар 41 жастағы азаматты атып кетті

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласында белгісіз біреулер көлік ішінен ер азаматты атып кеткен. Зардап шекен ер адам оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды Отырар TV-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілер анықталған. Қарулы шабуыл 9 наурыз күні жасалды.

Болған жайт бойынша полиция бөліміне жас жігіт жүгінсе керек. Ол 41 жастағы ағасын бейтаныс біреулер атып кеткенін жеткізген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қылмыскерлердің Lexus автокөлігінен оқ атқанын анықтады.

Бір тәуліктен кейін күдіктілер қолға түскен.

Олар 1991 және 1985 жылғы жергілікті тұрғындар болып шықты.

Күдіктілер қазір қамауда отыр. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
7
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel