RU
"Есеңгіреп қалдық": Бишімбаевтың жұбайы күйеуін бәрібір ақтап алмақшы
Жаңалықтар Қоғам

"Есеңгіреп қалдық": Бишімбаевтың жұбайы күйеуін бәрібір ақтап алмақшы

Рассказать Вконтакте

10 жылға сотталып кеткен Ұлттық экономика экс-министрінің жұбайы сот шешімін апелляцияға беруге ниетті екенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бишимбаева

Сот үкімі оқылғаннан кейін Назым Бишімбаева журналистердің сұрақтарына бірден жауап берді.

«Осы жерде болғандардың барлығы секілді есеңгіреп әрі таңырқап қалдым. Біз сот шешімімен келіспейміз. Жұбайым екеуміз сот барлық жағдайларды қарастырмады деп ойлаймыз. Судьяның келтірген дәлелердері тек екінші сатылы, жанама дәлелдер ғана», - деп мәлімдеді Бишімбаева.

Тілшілердің "сот үкімі туралы төрт балаңызға айтасыз ба?" деген сұрағына экс-министрдің жұбайы қынжыла жауап берді.

«Айтуыма тура келеді, БАҚ өкілдері бәрібір жариялайды ғой», - деді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
2
9
3
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel