RU
Туған қызын тепкілеп тастаған азаматтың әйелі сұмдық жайттың бетін ашты
Жаңалықтар Қоғам

Туған қызын тепкілеп тастаған азаматтың әйелі сұмдық жайттың бетін ашты

Рассказать Вконтакте

Астанада туған қызын тепкілеп тастаған қатыгез әкеге қатысты тағы да шу шықты. Зәбір көрген қыздың анасы жасөспірімді соққыға жыққан безбүйрек әкенің әлі күнге дейін жауапқа тартылмағанын айтып, егіле жылады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Туған қызын тепкілеп тастаған әкенің әлі күнге дейін жауапқа тартылмағанын айтқан ана жылап жіберді

Туған қызын тепкілеп тастаған әкенің әлі күнге дейін жауапқа тартылмағанын айтқан ана жылап жіберді

Күні кеше ғана NUR.KZ порталында туған қызын тепкінің астына алып, «миын шайқалтқан» елорда тұрғыны жайлы мақала шыққан еді. Зәбір көрген қыздың анасының айтуынша, сол күні ер адам қызымен бірге 16 жастағы ұлына да қол көтерген. Ер азаматпен 15 жыл бойы бір шаңырақтың астында өмір сүрген көп балалы ана оның күні бүгінге дейін жауапқа тартылмаған айтып, жанайқайын жеткізді.

«Бүгін ғана біз Астана қаласы Алматы ауданының ІІД-не барып, ұлым екеуміз сол күнгі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп келдік. Бірақ, мені таң қалдырғаны, баламды соққыға жыққан әке әлі күнге дейін қамауға алынбаған, құзырлы органдар, оны тіпті, жауап алуға шақырмаған сыңайлы. Ал, «мұны қалай түсінуге болады?» деген сұрағыма мардымды жауап ала алмадым. Тек, «қалада жоқ, сол себепті шақыртпадық» дейді. Сонда туған баласын тепкілеп, миын шайқалтқан адам қалайша әлі күнге дейін бостандықта жүр? Олар мұндай сұмдық жайтқа қалай ғана көз жұмып қарап отыр?»,-деп күйінді ана.

Сонымен бірге, ол бұрынғы жолдасының үстінен бұған дейін де талай мәрте шағымданғанын, алайда, құзырлы органдар белгісіз себептермен істі жауып тастайтынын алға тартты.

«Ол үнемі мені ұрып-соғатын. Талай рет шағымдандым, іс қозғалмайды, белгісіз себептермен жабыла салады. Бұл жолы да кінәсі дәлелденбей, жеңіл жазамен құтылып шыға ма деп күдіктеніп отырмын. Шыны керек, ол бостандықта жүргенде, балаларым да, мен де тіпті, далаға шығуға қорқамыз. Барлығына шыдап келдім, бірақ, балапандарым зардап шекпесе екен деймін», - деп егіле жылады ана.

Астана қаласының ІІД мамандары болса, «аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдемені кейінірек жасаймыз» деп тағы да кешегі жауапты айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
12
2
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel