RU
Денесінен 16 ине табылған соң комаға түскен бала жазылып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Денесінен 16 ине табылған соң комаға түскен бала жазылып кетті

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Ферғана облысында туған 11 айлық Азизбек Абдумажидов жазылып, ауруханадан шықты. Дәрігерлер оның денесінен 16 тігін инесін тапқан болатын деп жазады Centralasian.org

Денесінен 16 ине табылған бала ауруынан айығып, ауруханадан шықты

Денесінен 16 ине табылған бала ауруынан айығып, ауруханадан шықты

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Ташкенттегі жедел жәрдем көрсету орталығының балалар хирургы Дониёр Асадуллаев сәбидің денесінде әлі үш ине қалғанын, бірақ олар баланың денсаулығына кері әсер етпейтінін айтқан.

Азизбек аймақтық дәрігерлердің бақылауында болады екен.

Еске сала кетейік, 17 қаңтарда 11 айлық Азизбек Абдумажидовтың денесінен 16 ине табылған. Оған тоғыз сағат бойында операция жасалып, 13 ине алынған.

Бірақ операциядан кейін Азизбек комаға түсіп қалды. Дәрігерлердің айтуынша, инелер сәбидің денесінде екі ай бойында болған.

Бұл инелер баланың денесінде қалай пайда болғанын әлі ешкім ашық айтқан жоқ.

Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны зерттеп жатыр. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, сонша инені сәбидің жұтып қоюы мүмкін емес.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
2
2
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel