RU
Судья: Бишімбаевтің екі млн доллар көлемінде пара алғаны дәлелденді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Судья: Бишімбаевтің екі млн доллар көлемінде пара алғаны дәлелденді

Рассказать Вконтакте

Арнайы мамандындырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Әділхан Шайхисламов шығарылған үкімге қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Nur.kz

Фото: Nur.kz

Сот өкілінің айтуынша, сотталғандардың тергеу барысында өз кінәсін мойындағаны үкімнің негізіне алыныпты. Бишімбаевтің 2 млн АҚШ доллар көлемінде пара алғаны дәлелденген. Оған қоса, Қосшы елді-мекеніндегі үйдің құрылысын бақылағаны да расталды.

«Қосшы тұрғындары Бишімбаев пен тағы басқа сотталғандардың елді-мекенге жиі келіп, уақыт өткізгендерін мәлімдеді», - дейді Әділхан Шайхисламов.

Белгілі болғандай, ұялы телефон жазбалары арқылы Бишімбаев, Исабек, Айталиев мырзалар елордалық мейрамханада арнайы кездесу ұйымдастырып, оның барысында шыны зауытының құрылысына қатысты келісімшарт үшін алатын пара жайлы ақылдасқан.

"Бишімбаевтің жеке тапсырысымен Айталиев Шымкент қаласына арнайы барып, параны алу тәсілі жайлы келісіп келген. Оны растайтын билеттер, аудиожазбалар мен түрлі құжаттар сот барысында келтіріліпті.

Қаржы Исабек мырзаның қолына түскеннен кейін, ертесіне ТОО «Orda Glass» есепшотынан ТОО «Шымкентхиммонтаж» шотына 3,2 млрд теңге көлеміндегі ақшаның алғашқы бөлігі аударылған.

Ешкіммен жеке қатынаспаған Бишімбаев бәрібір ойлағанындай судан таза шыға алмаған. Оның үлкен соммалы параға тікелей қатысы бары тергеу жұмыстары аясында дәлелденді", - деп қорытындылады судья.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
15
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel