RU
Назарбаев елордаға келген тәжік басшысына "Парасат" орденін тақты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев елордаға келген тәжік басшысына "Парасат" орденін тақты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Парасат

Шағын құрамдағы келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және оны әрі қарай нығайту перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың сенімге негізделгенін атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының достығын нығайту жолында Эмомали Рахмонның айрықша рөл атқарғанын айтты.

"Сіз басшылық еткен жылдар ішінде біз зор сенімге, ынтымақтастыққа және достыққа негізделген қарым-қатынас орнаттық. Ешқашан арамызда шешімін таппаған мәселе болған емес. Біз әрдайым, әсіресе халықаралық деңгейде бір-бірімізді қолдап келеміз", – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңге аяқ басқанын айтып, мемлекетаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылауға ниетті екенімізді жеткізді.

Парасат
"Біз сіздермен кез келген мәселені талқылап, шешуге дайынбыз. Сонымен қатар көрші мемлекеттердің басшылары келе жатыр. Ертең біз үшін тағы бір мәрте кездесуге мүмкіндік туады. Биыл сіздерде су ресурстарын басқару жөніндегі конференция өтетінін білемін. Қазақстан бұл бастаманы қолдайды", – деді мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының президентін «Парасат» орденімен марапаттады.

Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін және жоғары марапат табыс еткені үшін алғыс білдірді.

"Қазақстанға келген әр сапарымда Астананың келбеті жылдам өзгеріп келе жатқанын байқаймын. Бұл жетістік, ең алдымен, Сіздің дана әрі көреген саясатыңыздың жемісі болып саналады", – деді Тәжікстан президенті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel