RU
Трамп маңызды әрі сенімді көмекшілерін жұмыстан қуып жіберген
Жаңалықтар Әлемде

Трамп маңызды әрі сенімді көмекшілерін жұмыстан қуып жіберген

Рассказать Вконтакте

Дональд Трамп Ақ үйге қожа болған бір жылдам астам уақыт ішінде АҚШ үкіметіндегі жоғары лауазымдылардың ауыс-түйісі толастамады. Соңғы екі күнде Трамп айналасындағы бірнеше маңызды адамды Ақ үйден шығарып салған деп жазады Qazaqtimes.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Трамп маңызды әрі сенімді көмекшілерін жұмыстан қуып жіберген

Трамп маңызды әрі сенімді көмекшілерін жұмыстан қуып жіберген

Соның ең елеулісі АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсонды қызметтен алып тастау болды.

Ал дүйсенбі күні Трамп өзінің жеке көмекшісі Джон МакЭнтенің (John McEntee) жұмысын тоқтатқан.

Ақ үй қызметкерлерінің айтуынша, МакЭнтенің жұмыстан қуылу себебі анық емес, қауіпсіздік мәселесіне байланысты болуы мүмкін деген жорамалдар айтылады. Бұл іс турасында Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс те түсініктеме беруден бас тартқан.

Ол журналистердің сұрағына: «Кадрларды ауыстыру мәселесі туралы мен түсініктеме бере алмаймын», – деген үзілді кесілді жауабын ғана айтқан.

МакЭнте - Трамптың жанында ұзақ уақыт болған көмекшілердің бірі. Ол тіпті Трамптың күйеу баласы Кушнермен бірге ол президент болудан бұрын да сенімді жеке көмекшілерінің бірі болған. Алайда, МакЭнте өзге көмекшілері секілді көпшілік жұртқа танымал емес. Тек оның соңғы 3-4 жыл ішінде Трамппен ең жақын қарым-қатынаста болған адамның бірі екені белгілі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір