RU
Алматылықтар "GGG" әріптері бар нөмірлерді жаппай сатып алуда
Жаңалықтар Қоғам

Алматылықтар "GGG" әріптері бар нөмірлерді жаппай сатып алуда

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жүргізушілер танымал боксшы Геннадий Головкиннің аты-жөнінің бірінші әріптері белгіленген нөмірлерді жаппай сатып алып жатыр деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото kolesa.kz

Фото kolesa.kz

Яғни, қазір үш "GGG", "QQQ", "III" және үш "JJJ" әріптері бар нөмірлерге сұраныс тым көп екен. Құны аспандап тұрса да, сәнге айналған бұл серияны Алматы қаласында 78 адам сатып алыпты.

Жалпы, өткен жылы "VIP" нөмір алу үшін 1400-ден астам жүргізушіден өтініш түссе, биыл бұл көрсеткіш еселене түспек. Өйткені, тек 2 айдың ішінде 500-ден астам жүргізуші темір тұлпарына сәнді нөмір тағып үлгерген.

Бұған, биылғы жылғы өзгерістер түрткі болған. Яғни, әркім әріптерді өзі қалаған күйінде жаздыра алуы, "VIP" нөмірлер саудасын қыздыра түскен.

"Ең қымбат санымыз категориясына байланысты. 001-ден 009-ға дейін және де 777 бұл 548 мың теңге тұрады. Егер сіз бұған әріпті қосамын десеңіз, одан бөлек 137 мың 85 теңге қосылады. Бұл осы сандарға қатысты. Тағы да 070, 707, 077 деген сандар, бұлар 137 мың 85 теңге тұрады. Үш бірдей сан 111-ден бастап 999-ға дейін бұл 329 мың теңге болады", - деді Алматы қаласы мамандандырылған ХҚКО-ның маманы Сәкен Байғалиев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel