RU
Талдықорғанда екі оқушы тоққа түсіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Талдықорғанда екі оқушы тоққа түсіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда екі оқушы тоққа түсіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты Дәрігерлердің дерегінше, ауруханаға жеткізілгенде жеткіншектердің халдері өте мүшкіл болыпты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: radiovera.ru

Көрнекі фото: radiovera.ru
Source: UGC

Құзырлы орындар бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп бағалап, қылмыстық іс қозғамаған.

"Яғни, сабақтан кейін кетіп бара жатқан балалар. Трансформатордың жанынан өтіп бара жатқан сәтте тоқ соққан. Оған қандай себеп болғаны белгісіз. Жағдайлары жақсы. Жақын арада сабақтарына қайтадан барады", - дейді Талдықорған қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.

Алайда, екі оқушының өмірін жалмай жаздаған оқиғаны дәрігерлер өзгеше сипаттап отыр. Олардың айтуынша, ойнап жүрген бес баланың екеуі трансформатор тұрған ашық сарайға кірген, тіпті сол сәтте жарылыс болыпты.

Ал қуаты 10 мың вольттық ескі трансформатор қаладағы гуманитарлық колледждің аумағында орналасқан екен. Қазір беті бері қараған Бауыржан Бағазин мен Ислам Әбілқасымовты басқа бөлімге ауыстырыпты. Балалардың денесі түрлі дәрежеде күйік шалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel