RU
Ғажайып: Екібастұзда биіктен құлаған қыздың аман қалғанына дәрігерлер таң қалуда
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ғажайып: Екібастұзда биіктен құлаған қыздың аман қалғанына дәрігерлер таң қалуда

Рассказать Вконтакте

Екібастұздағы сауда орталығының операторы төртінші қабаттан құлап, аман қалды. Қазір бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған .

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Екібастұз қалалық емханасы басшысының медициналық қызмет сапасын бақылау бойынша орынбасары Светлана Подзорованың хабарлауынша, 11-наурыздан 12-наурызға қараған түні ауруханаға ғажап жағдайда аман қалған қыз жеткізілген.

"Тәжірибеме сүйенсем, биіктіктен құлағандардың тірі қалу пайызы өте төмен". Бойжеткен жерге сәтті түскен. Терезенің астында соққыны жұмсартқан қар жатқан болуы мүмкін. Ол аяғымен түскен, басымен немесе арқасымен құласа тірі қалуы екіталай еді. Қазір ауыр жарақатпен жансақтау бөлімінде тұрақты терапия қабылдауда. Әзірге нақты болжам жоқ", - дейді Светлана Подзорова.

Дәрігерлер қойған диагноздың арасында күрделі ашық көпжарықшақтанған сынықтар, асық жіліктің жабық сынығы, үшінші бел омыртқасының неврологиялық бұзылусыз сынығы, зақымданудан есеңгіреу, мас болу, өкпенің зақымдануы бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір