RU
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте қатты жауын-шашын күтіледі. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман болады. Кей жерлерінде көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшейуі жаяу бұрқасынмен күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде - тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде - тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір