RU
ОҚО-да "зорланған" баланы әжесімен қоса полиция ұстап әкеткен
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да "зорланған" баланы әжесімен қоса полиция ұстап әкеткен

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да "зорланған" жеті жасар бала мен нағашы әжесі Алматыға тәуелсіз сараптамаға аттанбақ болған сәтте 20 шақты полицей жолын бөгеп, кеңсеге алып кетті деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да "зорланған" баланы әжесімен қоса полиция ұстап әкеткен

ОҚО-да "зорланған" баланы әжесімен қоса полиция ұстап әкеткен

Оқиға 14 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында болған.

Сарыағаш ауданы, Абай ауылының тұрғыны Шарипа Батырбекова немересін "сот- медициналық сараптамадан өткізу үшін" Алматыға алып бара жатқан.

Оларды тәртіп сақшылары Шымкент қаласының теміржол вокзалында күштеп алып кетіпті.

Адвокат Бауыржан Азановтың мәліметінше, "жәбірленген" бала әжесімен бірге облыстық ІІД бас кеңсесінде отыр екен. Оларды сыртқа шығармай қойған полицейлер "тергеушіні күтіп отырғандарын" айтқан.

Еске салсақ, Оңтүстік Қазақстандағы Сарыағаш ауданы, Абай ауылында 7 жасар баланы жоғары сынып оқушыларының зорлап келгені туралы ақпарат күллі қоғам назарына іліккен соң, іс күдіктілеріне қатысты аудандық білім бөлімінің басшысы мәлімдеме жасаған еді.

Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы аталған ақпаратты сараптама нәтижесі растаса, отставкаға кететінін де жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
3
5
4
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel