RU
Қапшағайда өш алу үшін адам ұрлаған жігіттер ұзақ жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қапшағайда өш алу үшін адам ұрлаған жігіттер ұзақ жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Төрт адам кісі ұрлағаны үшін ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды. Қапшағай қалалық соты айыпталушыларды 7,5 жылға соттады деп хабарлайды әділет органының баспасөз қызметі.

Өш алу үшін адам ұрлаған төрт жігіт

Өш алу үшін адам ұрлаған төрт жігіт сотталып кетті

Тергеу бойынша Қылмыстық кодекстің 389-бабы мен 125-бабына сәйкес айыпталушылардың кінәсі дәлелденді.

Бұл оқиға Алматыда басталған. Т. есімді азамат жаңбырлы күні баспанасыз қалған танысына жаны ашып, үйіне ертіп келеді.

Ал ол болса үй иесінің қонақжайлығын пайдаланып, бірнеше күннен соң бағалы заттар мен ақшасын, ұялы телефонын ұрлап, Қапшағайға қашып кеткен.

Т. есімді азамат жолдастарымен бірге ұрлықшының ізіне түсіп, ойынхана тұсында ұстап, ұрып-соғып, көліктің жүк салғышына салып алады. Алматыға кетіп бара жатқанда оларды полиция тоқтатып, жүк салғыштағы адамды босатқан.

Сот үкімімен төрт адам да айыпты деп танылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel