RU
Таиландқа демалуға барған қазақстандық қыздарды тонап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Таиландқа демалуға барған қазақстандық қыздарды тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Таиландқа демалуға барған үш қазақстандықты экскурсия кезінде тонап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Алматылық Айнұр есімді бойжеткеннің айтуынша, олар бір топ туристермен Квай өзеніне экскурсияға аттанған. Аталған жерге дейін автобуспен барыпты.

Жеткен кезде гид барлық туристерге қауіпсіздік үшін ақшаларын автобуста қалдырып кеткен дұрыс деп кеңес береді. Қазақстандықтар оны тыңдап, бар ақшаларын қалдырып, экскурсияға аттанады.

Олар автобусқа қайта келгенде ақшаларының жоғалғанын байқайды. Оған қоса Ресей мен Латвиядан келген туристердің де ақшасы жоғалып кетіпті.

"Біз қайта оралғанда ақшамыз жоқ екенін байқадық. Алдымен өзім бір жерде түсіріп алған шығармын деп ойладым. Бірақ кейінірек тағы бірнеше адам ақшасы ұрланғанын айтты", - дейді Айнұр.

Қазақстандықтар осы оқиғаға қатысты полицияға шағымданғанымен, олар ақшасын тауып бере алмапты.

Ақшасын тонатып, аузы күйген туристер енді басқа да жерлестеріне шетелдегі демалыс кезінде абай болып жүру керектігін ескертеді. Бағалы заттар мен ақшаны еш жерге қалдырмау керек дейді олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір