RU
Әкесіне ерегісіп, бастығына тоқал бола жаздаған қыз жан сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Әкесіне ерегісіп, бастығына тоқал бола жаздаған қыз жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Әкесіне ерегісіп, өзінен 20 жас үлкен азаматқа тоқал бола жаздаған қыз басынан кешкен оқиғасымен бөлісіп, елден кеңес беруді сұрады деп хабарлайды Алаш айнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Есімін құпия сақтағысы келген 19 жастағы ару кішкентайынан әкесіне тісін қайрап өскен екен. Себебі ол отбасын тастап, өзінен 20 жас кішкентай қызға көңілі ауып кеткен көрінеді.

Әке жылулығын көрмегендіктен, ер азаматтарға деген өшпенділікті жеңе алмаған бойжеткен 19 жасына дейін жанына жігіт атаулыны жуытпапты.

Алайда жұмыс орнында өзінен 20 жас үлкен бастығы оған аса қамқорлық танытып, әкеден көрмеген мейірімге бөлейді.

"Басында тек бастығым ретінде сөйлесетінмін. Күнде жаныма қуат беретін керемет сөздер жазып жүрді. Кез-келген ортада маған ерекше құрмет көрсететін. Сыйлап, еркелететін. Алғашында жай мазақ етіп күлгенімен, уақыт өте келе сол сөздерді естігім келетінді шығардым", - деп ақтарылды ару.

Осылай жүріп, өзінің ересек азаматқа қалай ғашық болып қалғанын байқамай қалған бойжеткен оған жасырын кездескісі келмейтінін айтады. Бастығы да қыздың айтқанына келісіп, үйленуге ұсыныс жасапты.

Бойжеткен жақындарына тұрмысқа шығатынын айтқанда олар алдымен қуанып кеткен. Алайда болашақ жарының жасын естігенде, бірден қарсылық танытыпты.

"Əкеме "сенің жасағаныңды неге мен жасамасқа" деп айтып салдым, анамда үн жоқ. Олар батасын бермеді. Мені көргісі келмейтіндерін айтып, үйден қуып жіберді", - дейді ол.

Осыған қарамастан, әкесіне "біреуге тоқал боламын" деген сөзді айтқан ару қанша жылдық өшін қайтарып, жаны рахаттанып қалғанын жасырмайды.

Ол ешкімнің наразылығына қарамастан, шешімімнен бас тартпаймын деп жүренде, көп өтпей-ақ болашақ жарының былығын біліп қояды. Оған құрбысы хабарласып, бастықпен кездесетінін айтқан. Бірден іштей күдіктеніп қалған ол кездесу орнына барып көруге бел буады.

"Қайда кездесетіндерін біліп, сол кафеге мен де бардым. Екеуі тамақ ішіп отыр екен. Қатты жылағым келсе де, өзімді ұстадым. Жанынан "Сəлеметсіз бе!" деп өтіп кеттім. Ал бастығым ұялғанынан қызарып кетті. Маған келіп неге жүргенімді сұрап, тез үйге қайтуымды талап етті. Ал мен тамақтануға келгенімді айтып, үйге қайттым", - дейді.

Осыдан кейін бастығы ісіне өкінетінін айтып, жас қыздан бірнеше рет кешірім сұрапты. Оған әбден ызаланса да іштей қатты жақсы көретін ару әрмен қарай қалай әрекет етерін білмей отыр.

"Жұмыстан кетсем бе? Бастығымды ұмыта аламын ба? Әлде оған кешіріммен қараған дұрыс па?", - деп халықтан кеңес беруін сұрайды ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
44
4
12
4
2
8
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір