RU
Америкадан бас тартқан Қайрат Түнтеков енді Қытайда танымал болмақшы
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Америкадан бас тартқан Қайрат Түнтеков енді Қытайда танымал болмақшы

Рассказать Вконтакте

Қайрат Түнтеков бұған дейін Америкаға кететінін хабарлаған болатын. Алайда әншіге бірнеше елден ұсыныс түсіпті. Ол саралай келе, Қытай еліне кетуге шешім қабылдаған деп хабарлайды «Хит-Тв» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайрат Түнтеков Америкада емес, Қытайда танымалдыққа қол жеткізбек. Фото: Жұлдыздар отбасы

Қайрат Түнтеков Америкада емес, Қытайда танымалдыққа қол жеткізбек. Фото: Жұлдыздар отбасы

Келісім-шарт ұсынғандар арасында Ресейдің танымал продюсері Максим Фадеев те болған. Алайда Қайрат Түнтеков ойлана келе, ресейдің белгілі тұлғасынан бас тартыпты.

«Жақында өзімнің жаңа альбомымды жарыққа шығарамын. Ол «Қайта жүктеу» деп аталады. Ол қазақстандық форматқа мүлде ұқсамайды. Ішінде қазақша, ағылшынша әндер болады. Еліміз мұндай ән стиліне үйренбеген.Сондай-ақ бейнебаяндар да түсіремін», - деді әнші.
«Мен Америкаға кетемін деп хабарлаған болатынмын. Алайда Қытайды таңдадым. Бұл ісіме өкінбеймін. Наурыз немесе сәуір айында кетемін. Мен жарты жолда тоқтап қалмаймын. Әлі талай белестерді бағындырамын», - деп айтты Түнтеков.

Айта кететіні, әнші шетелге кетпес бұрын Астанада ән кешін өткізеді.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
3
3
21
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel