Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"50 жылдағы алғашқы тасқын": Үйлерін су басқан Аягөз жұрты қалай күн кешуде?

Опубликовано:

ШҚО-дағы Аягөз ауданына қарасты 8 үй топан судың кесірінен құлап қалған. Жергілікті халық мұндай тасқынның 50 жылдан бері болмағанын айтып, дамба жарылып кетпей ме деп қорқып отыр. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз бөлімінен
Фото: ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз бөлімінен: UGC

Шенеуніктер құрылысқа зақым келгенін жасырмайды. Алайда оны құм толы қапшықтармен бекіттік деп отыр. Су деңгейінің көтерілуі жаңбырға байланысты екенін айтады.

Мұнда барлығы 189 үйді су басыпты. Сегіз үй тұрғылықты баспанасынан айрылған. Сондай-ақ 10 үй қауіпті жағдайда қалып отыр екен.

Белгілі болғандай, аталған үйлер өзеннің ескі ағысы бойында соғылған. Бұл жерден су қайта аға бастайды деген ой ешкімге де келмепті.

Басшылық жергілікті халыққа көмек беріледі деп отыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов оқиға орнына өзі келіп, үйінен айырылған тұрғындарға басу айтқан болатын. Оларға жаңа үй беру үшін 50 миллион теңге бөлініп қойыпты.

"Қаражат бөлінді. Жаңа үйлер сатып алынады. Мен Аягөздегі үйлердің орташа бағасын білемін. Енді осы жағдайға байланысты бірден шарықтатып жібермесе болғаны", - деді Даниал Ахметов.

Ол бар қазақстандықты отандастарына көмек беруге шақырып, өзі де үлгі көрсетті. Көмек қорына өзінің бір айлығын салды.

"Астана" телеарнасының мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандықтар Аягөз тұрғындарының қайғысына бей-жай қарап отырған жоқ. Олар бір күндік жалақылары мен киімдер жаинап беріпті.

"Мен өзім ана ретінде ондағы әйелдердің қандай қиын жағдайды бастан өткеріп жатқанын түсінемін. Бүгін жұмыстағылармен сөйлестім. Барлығымыз ақша жинап, бір отбасыға көмектеспекшіміз", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Юлия Вторникова.

Төтенше жағдайлар комитеті қазіргі таңда өңірдегі жағдайдың тұрақты екенін айтуда. Облыстың 10 ауданында және Риддер мен Өскенменде судың деңгейін бақылап отыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1721678-50-zyldagy-algasky-taskyn-jlerin-su-baskan-aagz-zrty-kalaj-kn-kesude/

pixel