RU
Шайтан болып киінгені үшін жігітімен ұрысқан бойжеткен өмірмен қош айтысты
Жаңалықтар Әлемде

Шайтан болып киінгені үшін жігітімен ұрысқан бойжеткен өмірмен қош айтысты

Рассказать Вконтакте

Батыс Суссек тұрғыны Харриет Пенелопа Генри сүйіктісімен ұрысып, өз-өзіне қол жұмсаған. Хеллоуин кешінен қайтып келген бойжеткеннің шайтан киімінде болғаны анықталды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Пенелопа сүйіктісіне осыған дейін айырылысу жайлы бірнеше мәрте айтқан болатын. Алайда оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деп ол тіпті ойламаған.

Хеллоуин кешінде 28 жастағы Пенелопа үздік образ атағын жеңіп алды. Жігітімен орын алған келіспеушілік кесірінен жеңісін толыққанды тойлай алмай, ол сыртқа шығып кетеді.

Бұл күнге дейін де англиялық азаматшаның өзіне қол жұмсамақшы болғаны байқалыпты.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ғашықтардың қарым-қатынастары мүлдем тұрақсыз болған. Бірде айырылысып жатса, бірде қайта қосылып жатты.

Соңғы ұрыс-керістен кейін Пенелопа сүйіктісі Джош Мерсьеге махаббат хикаясы осымен тәмам деген мағынада хабарлама жіберген.

Джоштың айтуынша, сүйіктісі айырылысу мен қоштасуды әдетке айналдырып алғандай.

Таңғы 06:22-де "қош бол" деген хабарлама келген күнгенде де ол таңғала қоймаған.

"Ашуы басылған соң өзі хабарласады деп ой түйдім", -дейді жігіт.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

Пенелопаның психиатрының мәлімдеуінше, ол тұрақсыз әрі әсерлі тұлғалық ауытқумен күресіп жүрген. Оған кішкентай кезінде көрген зорлық-зомбылық әрекеттері себепкер болса керек дейді маман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
11
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір