RU
Қарағандыда шұжық ішінен сым тапқан әйел 10 млн теңге талап еткен
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда шұжық ішінен сым тапқан әйел 10 млн теңге талап еткен

Рассказать Вконтакте

Қарағанды тұрғыны осыған дейін үнемі алып келген шұжық түріне енді қайтып жақындамайтын болды. Ол өнімнің ішінен сым темір мен ине тауып алыпты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Зарина осыдан үш күн бұрын шұжықтың ішінен сым темір мен ине тауып алған. Дүкенге қайта барғанында одан кешірім сұрап, шығарып салған. Өнім өндірушінің байланыс нөмірлерін бермепті.

Осыдан кейін шұжық цехынан хабарласып, темір шыққан шұжықтың орнына басқа шұжық берейік деп айтыпты.

Зарина одан үзілді-кесілді бас тартып, кішкентай баласына беріп жүрген тағамдағы адамшошырлық заттарды байқамағанда не болар еді деп дабыл қағуда.

Ал өнім өндірушілер өз кезегінде шұжыққа екі басын бекітетін алюминді қыспалардың адамға еш зияны тимейтінін айтады.

"Әйел біздің өтемақымыздан бас тартып, 10 миллион теңге беруімізді талап етіп отыр. Бұл таза ақша бопсалау деп ойлаймыз", - дейді шұжық цехының өкілдері.

Заңгерлер сатып алушының моралдық нұқсан үшін ақша талап етуге құқылы екенін айтып, олардың үстінен аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына шағым жазуға кеңес берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
7
3
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel