RU
Перуашев топан су басқанда ғана сабылып ақша іздейтін әкімдерге шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

Перуашев топан су басқанда ғана сабылып ақша іздейтін әкімдерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Азат Перуашев жылда қайталанатын табиғи апатқа күні бұрын қамдануды талап етіп, премьер мен Ұлттық банк төрағасына сауал жолдады деп хабаралйды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Перуашев

Азат Перуашев

"Сақтандыру тетіктері бар. Біз неліктен осы сақтандыру саласын дамыта алмаймыз. Ұлттық банкіміз қайта сол коммерциялық банктерді құтқарумен айналысып отыр. Қарапайым халыққа керек нәрсе, осы. Әсіресе, төтенше жағдайда сақтандыру саласына еш назар аудармайды. Сақтандыру компаниялары өз алдымен жүгіріп жүр", - дейді мәжіліс депутаты.

Яғни, Ұлттық банк пен Үкімет шұғыл тұрғын үйді сақтандыру нарығын дамытуы тиіс. Ол үшін шенеуніктер бірінші адамдарға алдын ала қамдануды, өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауды үйретуі қажет.

"Әркім төтенше жағдай бола қалса деген қауіппен жеке баспанасын, өзге де дүние-мүлкін күні бұрын сақтандыруы керек.
Сақтандыру нарығын дамытуға Ұлттық банк жауапты. Ал біздің атқамінерлер елдімекендерді су басқанда ғана ақша жан-жақтан іздеп, сабылады", - дейді депутат.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір