RU
Баян Мақсатқызы жемқорлардың кесірінен қара халықтың қиналғанына ашынды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Баян Мақсатқызы жемқорлардың кесірінен қара халықтың қиналғанына ашынды

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызы Аягөздегі су тасқынынан зардап шеккен қарапайым халыққа жаны ашып, жемқорларды қатаң сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы Аягөздегі су тасқыны жемқорлардың кесірінен екенін жайып салды (фото)

Баян Мақсатқызы Аягөздегі су тасқыны жемқорлардың кесірінен екенін жайып салды (фото)

Продюсер ел игілігіне жұмсалатын қаржының жеке адамдардың қалтасына кеткеніне алаңдаулы. Бұл жайында Алагөзова Instagram парақшасында жариялады.

«Менің жаным мәдениет пен өнер үшін ауырмағалы біраз болды. Бірақ қазір кедейшілік пен жемқорлық үшін шынымен қайғырып отырмын. Жылда осы су тасу мәселесі қайталанады. Жылда әр өңірді осылай су басып, халық зар жылайды. Бірақ, бұған жауап беретін адам жоқ!
Себебі, бұл қателікті жасаған адам жұмыстан қуылады да, орнына басқа адам келеді. Ол да бөлінген қаржыны қалтаға басып, кете барады. Бұған ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Жылап-сықтап, үйсіз қалатын тағы да қара халық.
Бұл қашанғы жалғасады? Жемқорлығы үшін билік өкілдері қашан жазаланады? Мен жапа шеккендерге көмектесе алмаймын. Бірақ, келесі жылы осы жағдайдың тағы басқа өңірде қайталанатынын жақсы білемін.
Бізде кінәлі тек сөгіс алып, жұмыстан шығады. Одан халықтың жағдайы жеңілдейді ме? Жоқ, керісінше жылдан-жылға ауырлай береді», - деп жазды Мақсатқызы.
Баян Мақсатқызы Аягөздегі су тасқыны жемқорлардың кесірінен екенін жайып салды. Фото: Instagram

Баян Мақсатқызы Аягөздегі су тасқыны жемқорлардың кесірінен екенін жайып салды. Фото: Instagram

Ал желі қолданушылары Баян Мақсатқызының бұлай алаңдаушылық білдіргеніне, шындықты айтқанына дән риза болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
1
0
1
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір